Новости Казахстана18 апреля 2023, 15:56

Жаңаөзен мұнайшылары жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік табысын аударады

"Өзенмұнайгаз" АҚ қызметкерлері Жаңаөзенде кеше болған жарылыстан зардап шеккен отбасыларға бір күндік еңбекақыларын аударатын болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, компания қажеттілікке байланысты зарлап шеккендерге көмек көрсетуге дайын. 

Өздеріңізге мәлім Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай орын алған болатын. Аталған оқиғада 13 адам зардап шегіп, төрт адам қаза тапты. «Өзенмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымы бақилық болған азаматтардың қайғысына ортақтасып, отбасы, ағайын-туыстарына көңіл айтады. Компания өз кезегінде апат болған орында үйіндіні аршу, тазалауға қажетті техникамен қамтамасыз етті және қажеттілікке байланысты көмек көрсетуге дайын. Сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» мұнайшылары ерікті түрде бір күндік еңбек ақысын зардап шеккен адамдарға көмек ретінде арнайы шотқа аударатынын мәлімдейді», деп жазылған «Өзенмұнайгаз» АҚ таратқан мәліметте. 

Кеше Жаңаөзенде таң ата екі қабатты үйде газ жарылып, төрт адам қайтыс болды. Аталған жарылыстан кейін тексеру жұмыстарын жүргізген облыстық прокуратура апаттың себебін атады. Бұған дейін Жаңаөзен қаласында болған жарылыс туралы жазған едік. Кейін оқиғадан төрт адам қайтыс болып, оннан астамның зардап шеккені белгілі болды. Апатқа байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ пәтерінен айрылған тұрғындарға баспана беретінін мәлімдеді.  

 

Жаңөазен Мұнайшы Өзенмұнайгаз Қаржы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!