Новости Казахстана17 апреля 2023, 12:55

Жаңаөзенде газ жарылды: 11 адам зардап шекті

17 сәуір күні Астана уақытымен сағат 5:00-де Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан 11 адам зардам шекті, деп хабарлайды Arbat.media ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жарылыстан кейін өрт болған жоқ. Алдын ала деректерге сәйкес 11 адам зардап шекті. Олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған, – делінген хабарламада.

Қазір қызметкерлер оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды, – деп қосты ТЖД өкілдері. 

Жаңаөзен ТЖД Жарылыс зардап шекті

Новости по теме