Placeholder
Новости Казахстана17 апреля 2023, 16:28

Жаңаөзенде жарылыстан қайтыс болған тағы үш адамның мәйіті табылды

Бүгін таңда Жаңаөзенде болған жарылыстан тағы үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, үйінді астынан тағы 3 адамның мәйіті табылды. 17 сәуірде сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберістегі пәтерінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты. 13 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. 

Қазіргі уақытат Жаңаөзенде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жарылыс болған аумақтан құтқарушылар үйінділер астынан тағы үш адамды тірідей алып шықты. Олардың екеуі ересек адам болса, біреуі бала.

Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты. Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды, деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Үйінділерді тазалау бойынша жедел жұмыстарға қырыққа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер бар.

 

 

Жаңаөзен Жарылыс өлім Құтқарушылар

Новости по теме