Placeholder
Новости Казахстана17 апреля 2023, 14:40

 "ҚазМұнайГаз" Жаңаөзендегі жарылыстан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер береді, деп хабарлайды Arbat.media. 

Компания зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді. 

️Қазіргі уақытта Жаңаөзенде болған жарыстан үйінділердің астында қалған 2000 жылы туған зардап шеккен әйел және 1994 жылы туған қайтыс болған адамның денесі шығарылды. 

Таңертең болған жарылыстан кейін медициналық көмекке 12 адам жүгінген. Оның ішінде 8 бала бар. 5 адам ауруханаға жатқызылып, тиісті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. 

Арнайы құрылған жедел штаб үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оқиға орнына 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылған. Құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция бар. 

Arbat.media бұған дейін Жаңаөзен болған жарылыс туралы жазды. Таңғы уақытта болған төтенше оқиғадан бір адам қайтыс болып, екі адамның денесін күйік шалған

 

 

Жаңаөзен Қазмұнайгаз Пәтер Төтенше жағдай

Новости по теме