Placeholder
Новости Казахстана30 января 2023, 16:11

Даниялық саясаткер құранды Ресей елшілігінің алдында өртеп жіберді

Құран кітабын үшінші рет өртеген Расмус Палуданның әрекеті мұсылмандардың ашуын тудырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Саясаткер бұл жолғы шектен шыққан құйтырқы әрекетін Даниядағы Ресей елшілігінің алдында жасады. Ол құран кітабын өртеу «акциясын» өзінің Instagram парақшасында жариялап, швециялық UFC шебері, шешен Хамзат Чимаевқа жолдаған.

Бұл акцияны Шешенстаннан шыққан швед спортшысы Хамзат Чимаев пен Шешен басшысы Рамзан Кадыровқа арнаймын. Хамзат Рамзан сияқты өзін нашар ұстауды жалғастыруда. Қадыров мен оларға өздерін қалай ұстау керектігін үйретуім керек пе?»,- деп жазылған жазбада.

Аталған жайттар кейін Хамзат Чимаев Палуданның атына бағыттап пікір білдірді. 

Ол біз үшін террорист. Мен мұсылманмын, бірақ мен ешқашан басқа біреудің дініне қарсы болған емеспін және оның басқа біреудің дініне жасаған ісіне жол бермедім. Неліктен сіз оған осындай нәрселерді жасауға рұқсат бересіз? Біз үндемеуіміз керек. Сіз бізді ағайынды деп атайсыз, сондықтан бізге құрмет көрсетіңіз!, - деді Х.Чимаев. 

Бұған дейін Расмус Палудан бірнеше рет акция жасады. Алғашқы әрекет Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында, өткен. Ол жұма күні Копенгагендегі мешіттің сыртында Құранды өртеп жіберген сәтін жариялады. 

Ал осыдан кейін оған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылмандардың дінін құрметтеуге шақырып,  олай болмаған жағдайда Түркия тарапынан НАТО-ға кіруге ешқандай қолдау көрсетілмейтінін алға тартқан болатын.

 

Құран Дания Өртеу акция

Новости по теме