Placeholder
Новости Казахстана10 июля 2023, 20:30

Жамбыл облысының тұрғыны 300 келіге жуық есірткімен ұсталды

Жамбылдық полицейлер облыстағы Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан “Сарғау” учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, есірткінің заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция облыстың  полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткізілген. Соның нәтижесінде күдікті ұсталған учаскеден жалпы салмағы 237 келі 234 грамм есірткі, қарасора бұталары табылып, тәркіленіп отыр. 

Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша сарайдан жалпы салмағы 12 келі 640 грамм кептірілген марихуана салынған полипропилен қапшық және  жалпы салмағы 24 келі 586 грамм гашиш есірткі заты табылды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының  уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының  3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Күдіктіге қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Бұған дейін Павлодар облысында қарасора өсірген екі тұрғын ұсталған еді. Сондай-ақ, Жетісу облысына қарасты ауылдардың бірінде есірткі плантациясын ұстаған тұрғын анықталған еді Сондай-ақ,аталған өңірде есірткі сатушыны жергілікті полицейлер қолға түсірген болатын. Сондай-ақ, өңірде қарасора өсірген екі ауданның тұрғындары туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, үй ішінде есірткі зертханасын ұйымдастырған тұрғын қамауға алынды. 

 

Есірткі Жамбыл облысы

Новости по теме