Новости Казахстана27 июня 2023, 16:04

Павлодарда қарасора өсірген екі адам анықталды

Павлодар облысында есірткі дайындаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Екібастұз қаласында құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен топтың екі қатысушысын ұстаған. 

Алынған жедел ақпаратты пысықтау барысында полицейлер Шахтерская көшесінде орналасқан тұрғын үйде 19 жастағы ер адам мен 21 жастағы әйел арнайы жылыжайлармен жабдықталған құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіретінін анықтады. Ол үшін олар қажетті жабдықты сатып алып, қонақ бөлмелеріне орналастырған, – деді Павлодар облыстық ПД басшысы Василий Скляр.

Құрамында есірткі бар өсімдіктің оңтайлы өсуі мен жетілуі үшін зиянкестер барлық қолайлы жағдайларды жасаған. Оның ішінде желдетуді, ауа температурасын, ылғалдылықты, топырақтың қоректік ерітіндімен қанықтылығын реттеп отырған.

Қарасора пісіп болғаннан кейін, арнайы сатып алған электр кептіргіште қажетті бөлшектерді жұлып кептіргені анықталды. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері өсімдік және синтетикалық тектес белгісіз заттары бар 7 пакетті, 110 өсімдік бұтасын, сондай-ақ оларды өсіруге арналған арнайы жабдықты тауып алып алды.

Сот сараптамалары институты сарапшысының қорытындысына сәйкес тәркіленгендердің бір бөлігі құрамында есірткі бар өсімдік, салмағы 40 килограмнан асатын кептірілген марихуана, алып қойылған синтетикалық есірткінің массасы 6,59 грамм, гашиш – 4,85 грамды құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қабылданған.

 

павлодар Есірткі Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!