Новости Казахстана8 июня 2023, 22:32

Жетісу облысында есірткі сатушы ұсталды

Жетісу облысында арнайы операция барысында есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ әскерилерімен бірлесіп Жаркент қаласында есірткі заңсыз жеткізу арналарын анықтау мақсатында арнайы операция жүргізген еді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары екі жергілікті тұрғынды ұстаған.

Олардың бірі есірткі саудасымен айналысты, екіншісі есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деп негізді түрде күдікке ілініп отыр. 
 
Бұл 18-19 жастағы екі жас жігіт. Күдіктілердің бірі марихуана сату кезінде қолға түсті. Екіншісінен 1 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді. Қазір екеуіне де қатысты есірткі заттарын сату, сондай-ақ аса ірі көлемде заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, УҰИ-ға қамалды, - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Бұған дейін Қостанай облысының тұрғыны ірі көлемдегі есірткімен ұсталған болатын. Сондай-ақ, Қарағандыда есірткі тасымалына қатысы бар Ресей азаматының ұсталғаны туралы жария болған еді. 

Жетісу облысы Есірткі Қылмыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!