Новости Казахстана23 июня 2023, 4:09

Жетісу облысында есірткіні алқапта өсірген тұрғын анықталды

Жетісу облысына қарасты ауылдардың бірінде есірткі плантациясын ұстаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңір полицейлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін тіркеуді Қаратал ауданынан тапты.  Тәртіп сақшылары Ескелді ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстап, оның жеке тұрғын үй учаскесінде марихуана өсіргені белгілі болды.
  
Күдіктінің бақша учаскесінде марихуананың 105 бұтасы табылды. Сонымен қатар оның жеке үйінен 2 келіге жуық өсімдік тектес есірткі тәркіленді, - деді Қаратал аудандық ПБ өкілі Нұрболат Шаму. 

Бұған дейін Жетісу облысында есірткі сатушыны жергілікті полицейлер қолға түсірген болатын. Сондай-ақ, өңірде қарасора өсірген екі ауданның тұрғындары анықталған еді. 

 

 

Жетісу облысы Есірткі полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!