Новости Казахстана17 апреля 2023, 17:04

Ноғаев: Жаңаөзендегі жарылысқа себеп болған жағдайды анықтаймыз

17 сәуір күні Астана уақытымен сағат 5:00-де болған жарылыстың салдарынан бір ер адам, екі әйел адам және 3 жасар қыз бала қаза болды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев болған жағдайдың себептерін анықтайтынын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Жаңаөзен қалалық ауруханасында 3 адам реанимацияда, тағы 3 адам травматология бөлімшесінде жатыр.

Жаңаөзен қаласы, Шұғыла шағын ауданы, 51 үйдегі жарылыс газ баллонының жарылды деген болжам болды. Мамандардың текерісінен кейін емес газ қоспасынан болған апат деген болжам бар. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою салдары бойынша комиссия айналысып жатыр. Қазір 17 адам зардап шекті. Жарылысқа себеп болған жағдайды анықтаймыз. Тұрғындарға тұрғын үй, басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етуді біз жауапкершілігімізге аламыз,- дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Оқиға орнында 350 адам құтқару жұмыстарымен айналысты. Үй орны түгел аршылып болды. Ведмоствоаралық комиссия құрылып, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, Жаңаөзенде газ жарылып, 11 адам зардап шеккені туралы, жарылыстан бір адам қайтыс болғаны туралы, "ҚаМұнайГаз" жарылыстан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беретіні туралы және Жаңаөзендегі жарылыстан қайтыс болған тағы үш адамның мәйіті табылғаны туралы жазғанбыз.

Жаңаөзен Жарылыс Ноғаев Қылмыстық іс

Новости по теме