Новости Казахстана28 апреля 2023, 18:42

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен екі адам бақилық болды

Жаңаөзенде он екі пәтерлі екі қабатты үйде болған жарылыстан кейін аурухана түскен екі ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

17 сәуір күні Жаңаөзенде болған төтенше жағдай кезінде онға жуық адам жарақат алған болатын. Олардың арасында бес адамның жағдайы өте ауыр екені хабарланған. Осы орайда Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері  жарылыстан кейін ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген  1972  және 1977 жылы туған ер адамдардың бақилық болғанын мәлімдеді. 

Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке орай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады. Олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметіндегілер. 

20 сәуірнде Жаңаөзенде екі қабатты үйде газдан болған жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілген тұрғынның бірі жансақтау бөлімінде есін жиғаны белгілі болды. Әйел адам тұрақты  ауыр деңгейде жансақтау бөлімінде ем алып жатқаны, сонымен бірге, жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылғаны айтылды.  

Сондай-ақ, Жаңаөзенде жарылыстан зардап шегіп, баспанасыз қалғандарға пәтер берілді. 17 сәуір күні Жаңаөзенде екі қабатты үйде газ жарылыстан кейін тексеру жұмыстарын жүргізген облыстық прокуратура апаттың себебін атады. Бұған дейін Жаңаөзен қаласында болған жарылыс туралы жазған едік. Кейін оқиғадан төрт адам қайтыс болып, оннан астамның зардап шеккені белгілі болды. Апатқа байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ пәтерінен айрылған тұрғындарға баспана беретінін мәлімдеді.  

 

Жаңаөзен Жарылыс өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!