Новости Казахстана17 февраля 2023, 16:02

Түркияда жер сілкінісінен құлаған үйдің астында қалған екі адам 10 күннен кейін тірі шықты

Түркиянң оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен он күннен аста уақыт өткенде құлаған үйдің астында қалған екі аман-есен табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Anadolu ақпарат агентігінің жазуынша, зілзала кезінде екі адам үйінді астында қалған. 26 жастағы Мехмет Әли Шакироғлу мен 34 жастағы Мұстафа Авчи апаттан кейін тура 261 сағат өткенде Антакия қаласы құлаған үйдің астынан шығарылды. 

Құтқару тобы Антакиядағы Одабаши ауданындағы үйінділерді тазалау кезінде құлаған үйдің тақталары арасында қысылып қалған екі азаматты тауып алды. Жер астынан шыққан екі адамды бірден аурухана жеткізіп, тиісті ем-дом шаралары көрсетілген. 

6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығыс аумағында күшті зілзала болып, отыз мыңнан астам қайтыс болғаны анықталды. Сондай-ақ жүз мыңға жуық жарақат алған. Апаттан кейін елде бір апта бойы аза тұту жарияланды. Сонымен бірге, әлемнің алпыстан астам елінен құтқарушылар келіп, құлаған үйінділер астында қалған тұрғындарды сыртқа шығару жұмыстарына көмектесті. Бұл ретте елімізден Түркияға құтқарушылар тобы екі лекпен аттанып, іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалыстып жатыр. 

түркия Жер сілкінісі Апат Құтқару

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!