Алматыда полицейлер қару-жарақтарды тәркіледі
Алматыда полиция қызметкерлері тағы да қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 тергеу изоляторы қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қару-жарақ қоймасын анықтап, тапты.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қару-жарақ Алматы қаласына қарасты Көкқайнар шағын ауданынан табылған. Анықтау барысында олардың ішінде сайга және МР-18 ЕМ-М тегіс ұңғылы мылтықтары, жеті патрон, көру мен естуге әсер ететін екі гранатаға сараптама тағайындалып отыр.
Оқиға орнына Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін еліміздің ҰҚК сәуір мен мамыр айларында қаңтар оқиғасында жоғалған қаруларды тапқанын хабарлаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарулардың табылғаны туралы айтылды. Сонымен бірге, наурыз айының соңында Жетісу облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарудың бір легі табылған болатын. Сонымен бірге, ұрланған қаруды жасырған Семей облысының тұрғыны ұсталды. Бұдан бөлек,, Атырау облысында 28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады.