Атырауда қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ табылды
Атырау облысында полицей қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтардың бір бөлігін тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
ІІМ телеграм-арнасында жарияланған деректе бірнеше қару-жарақ қала сыртынан табылған.
28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады. Тексеру кезінде Атырау ОПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт - 500М мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрондар, 2 ГСЗ ДК-130 ГСЗ граната, 1 ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар тәркіленді, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозағалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.
ІІМ бұған дейін арнайы операция кезінде Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 40 адамын ұстағанын хабарлаған болатын.