Новости Казахстана27 марта 2023, 14:37

Қаңтар оқиғасында жоғалған қару Абай облысынан табылды

Абай облысының полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңір тұрғынынң тұрғылықты жерін тінту кезінде қару табылған. 

Күдіктінің үйін тексеру кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр.

Новости по теме