Новости Казахстана20 апреля 2023, 19:32

Жаңаөзендегі жарылыстан кейін жансақтау бөліміне түскен әйел есін жиды

Жаңаөзенде екі қабатты үйде газдан болған жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілген тұрғынның бірі жансақтау бөлімінде есін жиды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыстсық аурухана мамандары мәлімдеді. Қазір әйел адам тұрақты  ауыр деңгейде жансақтау бөлімінде ем алуда. Ол жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылып, дәрігерлермен тілдесе алатын жағдайға жеткен. Сонымен бірге, жансақтау бөлімінде жатқан екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр екені айтылды. 

Дәрігерлер травматология бөліміндегі ер адам мен 2 қыз баланың жағдайлары тұрақты  орташа деңгейде екенін жеткізді. Оқушы қыздарға арнайы психолог мамандар келіп, кеше бірінші рет әңгімелесу өткізген. Бұл бағытта  мектеп психологтары да қажетті көмектер көрсеткені айтылды. 

Бүгін Жаңаөзенде жарылыстан зардап шегіп, баспанасыз қалғандарға пәтер берілді. 17 сәуір күні Жаңаөзенде екі қабатты үйде газ жарылыстан кейін тексеру жұмыстарын жүргізген облыстық прокуратура апаттың себебін атады. Бұған дейін Жаңаөзен қаласында болған жарылыс туралы жазған едік. Кейін оқиғадан төрт адам қайтыс болып, оннан астамның зардап шеккені белгілі болды. Апатқа байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ пәтерінен айрылған тұрғындарға баспана беретінін мәлімдеді.  

Жаңаөзен Жарылыс Жан сақтау Дәрігер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!