Placeholder
Новости Казахстана2 марта 2023, 22:26

Журналистерге қастандық жасаған күдіктінің сыбайластары ұсталды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырып күдікке ілінген деген күдіктінің сыбайластары анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша,  ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуылдар ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Полиция қолына түскен күдікті О.Токарев өзінің кінәсін мойындап және тергеуге көмектесуге келісім берген.

Оған басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды. Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды,  яғни “қабандар” деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан. Сондай-ақ олар ашық ақпараттық дереккөздерден жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді  жинаған. Мемлекеттік ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген,  - деп жазылды ресми сайтта. 

Олар Токаревпен бірге көліктерді өртеу, қауіп төндіру және шабуылдау секілді арандату жолдарын әзірлеген көрінеді. Сонымен бірге, Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), “Orda” және “Elmedia” сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырғаны анықталғаны жазылды.

“Ulysmedia” редакциясының сайтын бұзған. Қазіргі таңда Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарын халықаралық іздеуге жариялау мәселесі пысықталуда. Бастамашылдарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, нәтижелері қосымша хабарланатын болады, - деп жазды Polisia.kz сайты. 

Бұған дейін журналистерге қастардық ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азаматтың қолға түскені айтылды. Алматыда құрықталған хакер бірден тергеу изоляторына қамалған еді. 
 

Күдікті Қылмыскер Журналист хакер

Новости по теме