Placeholder
Новости Казахстана28 февраля 2023, 16:59

Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың ұйымдастырушысы қолға түсті

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, оларға қылмыстық кодексінің 115-бабы “Қорқыту”, 147-бабы “Жеке өмірге қол сұғу”, 158-бабы “Журналистік қызметке кедергі келтіру”, 202-бабы “Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” және 293-бабы “Бұзақылық” бойынша айып тағылып отыр. 

Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда “тапсырыстар” беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді. Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. , - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.  

Министрлік күдікті азаматтың автокөлікті өртеу, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсету мен шабуылдар жасау, DDoss шабуылдарды ұйымдастырғанын анықтағанын атап отыр. Қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты – журналистерді қудалауды имитациялау арқылы ҚР Президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау  болған көрінеді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен бірге бұған қосымша ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейтіні айтылды.

 

ІІМ хакер Қылмыс Қамау

Новости по теме