Placeholder
Новости Казахстана9 июня 2023, 13:32

Жоғары қабаттан екі бала құлап, біреуі бақилық болды

Еліміздің екі облысында бір тәулікте 2 бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиғаның бірі 8 маусымда Жезқазғандағы 5 қабатты тұрғын үйде орын алды. Үйде ересектердің қарауынсыз қалған екі жастағы бала 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған. Қазір сәбиге медбикелер тиісті көмект көрсетіп жатыр. 

Ал Түркістан облысындағы Таукент ауылында 5 қабатты тұрғын үйде болған оқыс жағдайдың соңы қайғылы оқиғаға әкеліп соқты. Мұнда тағы да ересектердің қарауынсыз қалған 5 жастағы бала 5-қабаттың терезесінен құлап, оқиға орнында қайтыс болған.

Маусымның айының басында Павлодар облысында 4 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болған еді. Кентай қаласында 3 жастағы қыз бала төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Бұдан бөлек, ІІМ жыл басынан бері Астанада балалардың терезен құлауының 6 оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді. 

Құлау Оқыс оқиға өлім

Новости по теме