Новости Казахстана1 июня 2023, 15:42

Павлодар облысында 4 жасар бала шұңқыпға құлап қайтыс болды

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Кеше өңірдегі Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды.

Анықталған дерек бойынша бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлаған. 

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қазіргі уақытта сараптама тағайындалған. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".
 

Павлодар облысы Бала өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!