Жаңаөзендік жұмысшылар Астанаға қайтадан келетіндерін айтты
Жаңаөзендік мұнайшылар мәселе шешілмесе, қайтадан Астанаға келетіндерін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
Пойызда келе жатқан мұнайшылар наразылықтарын бейне үндеу арқылы жеткізді.
"Талаптарыңызды оң нәтижемен орындап береміз" - деген уәделеріңізбен сапарға шықтық. 12 сәурден бастап бір тәуілік бойы жол үстіндеміз. Алайда, Астана қаласында қалған өз өкілдерімізден және үкімет басшыларынан еш оң нәтиже хабар болмаған соң, біз бір топ жұмысшылар өз еркімізбен кейін Астана қаласына қайтамыз. Сәуірдің 14 жұлдызында Маңғыстау өңірінде сапарымыз аяқталады. Сол уақықта дейін шешім қабылданбаса, біз қайта Астана қаласына қайтуға дайынбыз. Талап орындалсын! - деді мұнайшылар.
Еске сала кетейік, Астанада қамауға алынған жаңаөзендіктер Маңғыстауға аттанғандары туралы жазғанбыз.