Placeholder
Новости Казахстана12 апреля 2023, 14:37

Астанада қамауға алынған жаңаөзендіктер Маңғыстауға аттанды

Астанада Энергетика министрлігінің алдында талап қойып, жұмысқа орналастыруды сұраған жаңаөзендік жұмыссыздар үндеу жолдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Елордада қамауға алынған жаңаөзендіктен бүгін Маңғыстауға аттанды. Олар Астанадағы теміржол вокзалы алдында топ болып бейнеүндеу жолдады. 

Біз Жаңаөзен қаласының мұнайшылары әділдік іздеп Астанаға келген болатынбыз. Кешегі болып жатқан жағдайлардан біз аманбыз, деніміз сау. Қатарымыз түгел. Бұйырса ауылымызға аттанамыз. Он адам болып келіссөзге қалады. Біз де ауылға барамыз. Уайымдамаңыздар. Жұмыстарыңызға шыға беріңіздер. Қолдау білдірген Жаңаөзен тұрғындарына алғысымызды білдіреміз, деді жиналған топ өкілдері. 

Бұған дейін Энергетика министрлігінің алдында талап қойған жұмыссыздарды полиция қамауға алған болатын. Осыдан кейін Жаңаөзенде орталық алаңға екі мыңға жуық адам жиналып, қамалғандарды босату туралы үндеу жолдады. Араға уақыт салып Жаңаөзенде жолды жапқан жиырмадан астамды адам полиция қамауға алған. Араға уақыт салып полиция оларды босатқанын мәлімдеді. 

Жаңаөзен Астана Жұмыссыздар Наразылық

Новости по теме