Placeholder
Новости Казахстана18 апреля 2023, 17:05

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақ табылды

Жамбыл облысында қару сақталған орын табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірдің полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар орынды анықтады.

Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі МР-446 тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18-Е бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі ИЖ 18 аңшылық мылтықты, Ф-10 жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатаны, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркілеген. 

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287 - бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Наурыз айының соңында Жетісу облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарудың бір легі табылған болатын. Сонымен бірге, ұрланған қаруды жасырған Семей облысының тұрғыны ұсталды. Бұдан бөлек,, Атырау облысында 28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады.  

Қаңтар оқиғасы Қару-жарақ Жамбыл облысы полиция

Новости по теме