Үкімет басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
Президент Жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін Үкімет кесесін басқарған Ғалымжан Қойшыбаев енді вице-премьер лауазымын да қоса атқармақ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, - деді Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін президент Әкімшілігін басқарған Мұрат Нұртілеудің еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалғаны белгілі болды. Сонымен бірге, Қорғаныс және Ішкі істер министрі лауазымын атқарған шенеуніктер қайтадан өз қызметіне бекітілді.