Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Президент әкімшілігін бір жылдан астам уақыт басқарған Мұрат Нұртілеу бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша енді Мұрат Нұртілеу дипломатиялық қызметпен айналысады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, Президент Жарлығы бойынша Қорғаныс министрлігіне Руслан Жақсылықов, Ішкі істер министрлі болып Марат Ахметжанов қайта тағайындалып отыр.
Бұған дейін Мәжіліс Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдаған еді. Кейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ә.Смайыловты неліктен депутаттар қолдағанына қатысты пікір білдірді.