Новости Казахстана2 февраля 2023, 17:56

Түркістан облысында жауыннан кейін бірнеше елдімекенде су көтерілді

Түркістан облысында жаңбырдан кейін бірнеше елдімекендерде су көтеріліп, бірқатар көшелер су астынды қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы  аудандарында  жауған жауын-шашын салдарынан көшелерді су басқан. Қазіргі тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін  ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2023 жылдың 2 ақпанында Түркістан облысында қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруі салдарынан су деңгейі көтерілді, содан кейін еңіспен төмен қарай су тасқыны болды. Соның салдарынан 2 қалада (Кентау, Түркістан) және 3 ауданда (Бәйдібек, Ордабасы, Сауран) аулалар мен көшелерді су басып, су басқан аулалардың саны анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деді Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жаңбырдың толассыз жаууына байланысты Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 56 қызметкер, 10 бірлік техника, 20 мотопомпа бекітілген. Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен суды сору және арықтарды тазалау, сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты ТЖД жедел желісі іске қосылғаны хабарланды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан шақырту түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар қолға алынған. 

Түркістан облысы Қоғам Төтенше жағдай Жаңбыр

Новости по теме