Placeholder
Новости Казахстана14 апреля 2023, 14:12

Түркістан облысында әйелді өртеп жіберуге оқталған адамға сот үкімі шықты

Түркістан облысында 42 жастағы ер адам көңіл жарастырған адамына қастандық жасап, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ауыл тұрғыны әйел басқа адамға көңіл аударды деп ойлап, кек қайтаруға бел буған. Осыдан кейін ер адам бөтелкеге құйылған жанармайды әйелдің үстіне құйған көрінеді. Әйел бетін басып, енкейген сәтте ол сіріңкемен от қойыпты.

Қасақана жасалған әрекеттен әйел адам тірі қалған. Алайда оның денесінің мойын, кеуде бөліктерін күйік шалған. Сот-медициналық сараптамасы қорытындысы бойынша бұл әрекетті денсаулыққа орташа зиян келтіру деп шешім шығарылған. 

Осылайша сот үкімі бойынша ер адам кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен бірге, 100 сағат түзету жұмыстарын атқарады. 

Өрт Қылмыс Өртеу Түркістан облысы

Новости по теме