Placeholder
Новости Казахстана27 апреля 2023, 21:25

Қызылорда облысында құм арасынан адам сүйектері табылды

Қызылорда облысында жел кезінде құм арасынан адам сүйектері табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Facebook қолданушысы Ләззат Бақтыбаеваның жазуынша, жел кезінде теміржолға жақын маңнан адам сүйектері табылған. 

Жел болғанның да пайдасы бар екен. Бірнеше күннен бері тоқтамаған желдің салдарынан, құм көшіп, "Арал - Газ" және Белкөлдегі теміржол маңынан адам мәйіті табылғаны туралы What’s App арқылы тараған фотолар халық арасында үрей тудырып жатыр, - деді Л.Бақтыбаева. 

Бұл ақпаратқа Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдіріп, тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

Бұл жарияланым бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша хабарланатын болады", - делінген жауапта.

Бұған дейін Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы зират маңын тазалап жүрген тұрғындар пакетке салынған адам сүйегін тапқан болатын. Қаланың «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңындағы ескі зират аумағында табылған адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары полиэтилен қапшықта жатқан. 

 

Қызылорда облысы Адам сүйегі Құм арасы

Новости по теме