Новости Казахстана26 апреля 2023, 18:22

Екібастұзда ескі зираттан пакетке салынған адам сүйегі табылды

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.media.  

Осы орайда Полиция марқұмның жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрап отыр.  24 сәуірде Екібастұзда ескі зиратқа кіре берісте еріген қар су ішінен полиэтилен қапшыққа салынған адамның мәйіті табылды. Қазір аталған жерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  Мәйіттен "Челси" футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар. Қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз: Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. -Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95. Немесе 102 телефоны бойынша", деді Павлодар облыстық ПД өкілдері. 

Бұған дейін Көкшетау қаласындағы зират маңын тазалап жүрген тұрғындар пакетке салынған адам сүйегін тапқан болатын. Қаланың «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңындағы ескі зират аумағында табылған адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары полиэтилен қапшықта жатқан. 

Екібастұз Адам сүйегі полиция

Новости по теме