Көкшетау тұрғыны сөмкеге салынған адам сүйегін тауып алды
Көкшетау тұрғыны ескі зират аумағынан пакетке салынған адамның сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға орнына Көкшетау қалалық полиция басқармасынан қызметкерлер келген. Қаланың «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңында, ескі зират аумағында пакет табылғаны белгілі болды. Онда болжам бойынша адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары барын айтқан. Тұрғындар пакетті зират аумағын тазарту кезінде тауып алғаны белгілі болды.
Шақырту орнына жедел-тергеу тобы барды. Тексеру кезінде сүйек қалдықтары табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Поделиться
Читать Arbat media в