Новости Казахстана24 февраля 2023, 17:01

"Қорқып шықпады": "Странджа" кубогында кездесуден бас тартқан Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлер сынына ұшырады

Болгарияда бокстан өтіп жатқан халықаралық "Странджа" кубогында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалдық жекпе-жекке шықпады, деп хабарлайды Arbat.media.

Токио Олимпиадасынан кейін әуесқой бокстағы жарысқа алғаш рет қатысқан отандасымыз бірінші кездесуінде нидерландтық Бертес Стэннен басым түсті. Алайда ол ширек финалда өзінің байырғы қарсыласы, өзбек боксшысы Баходир Жалоловқа қарсы кездесуге белгісіз себеппен шықпады. 

Әуесқой бокста аса ауыр салмақта әлем бойынша ең басты бәсекелес саналатын қос боксшының жекпе-жегін жанкүйерлер асыға күткен еді. Алайда отандасымыздың жарыстан алдын ала шығып қалғаны белгілі болды. 

Оқи отырыңыздар:

Қос боксшы бұған дейін бірнеше рет кездесіп, екеуара бәсекеге шарықтау шегіне жеткен еді. Алайда Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысынан 2019 жылы өткен әлем және  2021 жылы Азия чемпионаттарының финалында ұтылып қалған болатын. Токио Олимпиадасында Қамшыбек жартылай финалда АҚШ боксшысына есе жіберсе, Жалолов финалға шығып, чемпион атанған. 

 

 

Қамшыбек Қоңқабаев Баходир Жалолов бокс Странджа

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!