Бекзат Нұрдәулетов пен Қамшыбек Қоңқабаев "Странджа" турниріне қатысып жатыр
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Болгария астанасы София қаласында 74-ші рет жалауы желбіреген "Странджа" турниріне қатысып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
20-26 ақпан аралығына жоспарланған дәстүрлі турнирде 13 салмақ дәрежесінде ел боксшылары сынға түсуде. Олардың қатарында Токио Олимпиадасынан кейін әуесқой бокстан алғаш рет шаршы алаңға шыққан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов пен төртжылдықтың басшы ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев бар.
Сонымен бірге, Ернұр Қайрат (48 кг), Кенже Мұратұлы (51кг), Бекзат Алдамжаров (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ерасыл Таңқай (60 кг), Ертуган Зейнуллинов (63,5 кг), Темірхан Тезек (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Бекзат Таңатаров (86 кг), Абзал Куттыбеков (92 кг) боксшылар бар.
Бүгін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Оразбек Асылбек Ирландия бокшысы Галлахер Джуттан басым түсті. Турнир фавориттері саналатын Бекзат Нұрдәулетов 23 ақпан күні сербиялық Артиом Агелевке қарсы жұдырықтасса, аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев 22 ақпанда нидерландтық Бертенс Станға қарсы шаршы алаңға шығады.