Новости Казахстана3 июля 2023, 21:20

Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың қашып кеткен ұлына қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің қорғаныс министрлігі депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетті деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Бұған дейін адвокат Анна Чернова әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қашып кеткенін мәлімдеді. Ақпан айында Дәулет Тұрлыхновтың ұлы Алматыда белгілі ерлі-зайыпты журналистер Анна мен Олег Черновтарды ұрып, басы дауға қалған болатын. Шулы оқиғадан кейін Дәулет Тұрлыханов жария түрде кешірім сұрады. Кейін белгілі болған ақпарат бойынша оның ұлы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің бірінде жұмыс істейтіні анықталды. Сондай-ақ, депутаттың ұлының екі адамды ұрған сәтіндегі бейнежазбасы жария болды

Дәулет Тұрлыханов Нұрасыл Болат Анна Чернова

Новости по теме