Новости Казахстана3 июля 2023, 18:50

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті

Алматыдағы әскери бөлімдердің бірінен Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат қашып кетті. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Адвокат Анна Чернова әлеуметтік желіде жазба жариялап, Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен із суытқаны туралы ақпаратта мәлімдеді.   

Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кетті. Оған әскери бөлім басшысының бақылауында болу бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын, - деп жазды Чернова.  

Оның айтуынша, депутаттың ұлы BMW көлігіне отырып, кетіп қалған. 

Кімде кім оны көрген болса, жігітте оның бақылауда жүргенін айтса екен, - деп қосты адвокат. 

Ақпан айында Дәулет Тұрлыхновтың ұлы Алматыда белгілі ерлі-зайыпты журналистер Анна мен Олег Черновтарды ұрып, басы дауға қалған болатын. Шулы оқиғадан кейін Дәулет Тұрлыханов жария түрде кешірім сұрады. Кейін белгілі болған ақпарат бойынша оның ұлы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің бірінде жұмыс істейтіні анықталды. Сондай-ақ, депутаттың ұлының екі адамды ұрған сәтіндегі бейнежазбасы жария болды

 

Информацию о сыне Даулета Турлыханова "засекретили" в Минобороны.

Дәулет Тұрлыханов Адвокат депутат

Новости по теме