Новости Казахстана15 февраля 2023, 21:29

Мәжіліске үміткер Дәулет Тұрлыханов екі адамды соққыға жыққан ұлы үшін кешірім сұрады

Алматыда екі адамды соққыған ұлының әрекетінен кейін Мәжіліс депутаттағына үміткер Дәулет Тұрлыханов кешірім сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін Алматыда адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновты белгілі балуанның ұлы Нұрасыл соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді. осыдан кейін Мәжіліс депутаттығына Астана қаласынан үміткер болып тіркелген Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. 

Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын, - деп жазды Дәулет Тұрлыханов. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Turlyhanov Dáýlet Bolatuly (@daulet_bolatuly_turlykhanov)

 

Екі адамды ұрған оқиғадан кейін Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс қозғалғаны хабарланды. Алматы қалалық ПД аталған дерек Қылмыстық кодексінің  293-бабы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Сондай-ақ, іс материалдарының соттылығын анықтау үшін Алматы қалалық Прокуратурасына жолданды

Дәулет Тұрлыханов Кешірім Бұзақылық полиция

Новости по теме