Placeholder
Новости Казахстана27 февраля 2023, 15:51

Өзбек суретшісі Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жектен бас тартуын карикатураға бейнеледі

Бокстан Болгария астанасы Софияда өткен "Странда" кубогында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевтың ширек финалдық жекпе-жектен бас тартуынан кейін Өзбекстанда түрлі карикатуралар салына бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев өзбек Баходир Жалоловқа қарсы шаршы алаңға жарақатына байланысты деген желеумен шықпаған болатын. Токио Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық спортшыны жекпе-жексіз жартылай финалға өтті. Кейін оның жартылай финалдағы қарсыласының да бас тартуынан кейін ол финалға өткен болатын.

Қос қарсыласының шаршы алаңға шықпауынан кейін Өзбекстанда түрлік карикатуралар салынып, әлеуметтік желіде пайда бола бастады. Онда Баходир Жалоловтың теңдессіз екені бейнеленіп, бас тартқан қос қарсыласының әрекеті бейнеленген.

20-26 ақпан күндері София қаласында 74-ші халықаралық "Странджа" кубогы өткен болатын. Толық құрамда барған Қазақстанда командасы бұл сыннан тек бір күміс және қола медаль ғана иеленді. 75 келіде сынға түскен Нұрқанат Райыс үшінші орынға ие болса, 57 келіде шаршы алаңға шыққан Оразбек Асылқұлов күміспен күптелді.  

Бұл бокстан Мырзағали Айтжанов бас бапкер болғалы бері Қазақстан құрамасы қатысқан алғашқы жарыс. Спортшыларымыз мамыр айында Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. 

Бұған дейін Arbat.media Болгариядағы турнирге Қазақстан құрамасы аттанған жазған болатын. Олардың қатарына Токио Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған Бекзат Нұрдәулетов пен Қамшыбек Қоңқабаев енген еді. 

 

Қамшыбек Қоңқабаев Баходир Жалолов Карикатура бокс

Новости по теме