Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің басшылығына тағайындалды
Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы болып Олжас Бектенов тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Президент Жарлығымен Сыртқы істер министрі, Қорғаныс және Ішкі істер министрлері тағайындалған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в