Placeholder
Новости Казахстана14 июля 2023, 18:58

"Көршісі болған." Бес жастағы қызды өлтірген күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды

Түркістан облысындағы 5 жасар қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам көрші үйде тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Otyrar.kz порталының жазуынша, кішкентай қыздың денесі Жібек жолы ауылындағы Амангелді көшесінің бойындағы үйдің қорасында табылған. Тексеру кезінде оның үстінде көптеген пышақ жарақаты болғаны анықталды.
 
48 жастағы ер адам бұған дейін адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталып шыққан. Биыл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапқа тартылып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілгены айтылды. Сондай-ақ, ол пробациялық бақылауда болған көрінеді.
 
Бейресми дерек бойынша оны ауыл тұрғындары өздері жазаламақ болған. Тұрғындар тәртіп сақшыларынан күдіктіні қолдарына беруді сұраған екен. 
Қайғылы оқиғадан кейін президент аталған жағдай бойынша тиісті тапсырма беріп, қылмыстық істің дұрыс тексерілуін тапсырған болатын. 
 
Қылмыскер Түркістан облысы

Новости по теме