Placeholder
Новости Казахстана23 июня 2023, 20:17

Грузияда Қазақстан премьерін қарсы алу рәсімі өтті

Тбилисиде Грузияға ресми сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arbat.media үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рәсім барысында әскери оркестр салтанатты жағдайда екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мұнан соң Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили қарауыл бастығының ере жүруімен Құрмет қарауылы сапын аралап шығып, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып өтті. 

Бұған дейін Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барған болатын. 

Әлихан Смайылов Грузия премьер-министр

Новости по теме