Новости Казахстана6 апреля 2023, 17:15

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау уақыты екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметі бойынша "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті сәуір айының алтысынан маусым айына дейін қамауда ұстау шешімі қабылданған. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 06 сәуірдегі хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді, - деп жазылған сот таратқан хабарламады. 

Бұған дейін Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылған болатын. Сонымен бірге, Жақсыбек Құлекеев "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында Арман Жұмагелдиевтің қаңтар оқиғасында қандай жұмыс атқарғаны туралы жазды. Кейін Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай "Дикий Арманнан" қоғамда батыр бейнесі қалыптасып келе жатқанына алаңдап, мәселе көтерген еді

Дикий Арман Арман Жұмагелдиев Сот шешімі Қамау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!