Новости Казахстана5 января 2023, 17:33

"Дикий Арманнан" батыр жасадық" - Аманжол Әлтай

Мәжілісте өткен үкіметпен бірлескен отырыста депутат Аманжол Әлтай "Дикий Арманның" қоғамдағы бейнесіне қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды arbat.media.

Жастар арасында кең насихатталған қылмыс әлемінің өкілі Арман Жұмагелдиевті үлгі тұтатын жастардың көптігіне алаңдаушылық білдірген Аманжол Әлтай ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сауал қойды. 

Қоғамдық және ақпараттық салада әділеттілік болмаса еңселі елді адастырады. Ақпарат тасқыны алқымнан алып, санаға әмір жүргізіп тұрған бүгінгі кезеңде өкінішке қарай елімізде болған оқиғалар әлеуметтік желіде бұрмаланып, түлкінің құйрығындай қырық құбылып, өзгерістерге ұшырауда. Қаңтар  оқиғасы туралы алыпқашпа пікірлер қалыптасып, шындыққа жанаспайтын түрлі нұсқалары таралып жатыр. Нәтижесінде сол ортаның қолдан жасалған жалған қаһармандары пайда болды. Тентектен тұлға, сотқардан сардар, қылмыскерден қаһарман жасағысы келетін әділетсіз әрекеттер етек алып барады. Қаңтар оқиғасына дейін де заңға қайшы әрекеттерімен "Дикий Арманды" мысалға келтірейін. Әлеуметтік желіде оның жағымды бейнесін жасап, жазықсыз қамауға алынды деп негізсіз пәтуасыз пікірлер қалыптастрылып, "Дикий Арманнан" Алпамыс жасауда. Мұндай қой терісін жамылған қасқырдың кейпіндегі жасанды батырсымақтың бейнежазбалары вирус секілді бірден тарап кетуде. Осындай жалған жарнамаға құрылған ақпараттық шабуылдан жас ұрпақтың санасына соққы болары сөзсіз. Соның салдарынан жастардан осы батырлары кім деп сұрасаң өрт ішіндегі өрімдей бала мен әжені құтқарған  Асқар секілді жаңа заманның жалынды батырларын, емес, топ құрып, тісін жасырған "Дикий Арманды" атаса, таң қалмаңыз. Біз бүгінгі жас ұрпақты тәлімі теріс, сырты бүтін, іші түтін "Дикий Арманға" еріп кетуден қорғауымыз керек. Полулизмге бой алдырмай дұрыс жолда жүріп, осыған байланысты сіздер халық арасында  дұрыс құндылықтарды қалыптарумен айналасысасыздар ма?", - деді Аманжол Әлтай.

Алайда министрлік бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Қоғамды дамытуда атқарылып жатқан істерге жалпылама айтып өтті.  

Қазіргі таңда үкімет азаматтық қоғамға азаматтардың мемлекеттің өміріне қатысуға мүмкіндік жасап жатыр. Біздің министрлік мемлекет басшысының бағдары бойынша іске асырылып жатқан бірқатар істерді атқаруда. Министрлік мемлекеттік органдарға емес, қоғам секторы, үкіметтік емес ұйымдармен бірелсіп жұмыс істеп жатыр. Негізі кешенді ұлттық бағдарламалардан тыс бірқатар бағдарламалар бар. Ол жаңағы осы қоғамдағы еңбекқорлық, адамгершілік, құндылықтары ілгерілетуге және құқықтық және саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар бағдарламалар бар. Ұлттық тәрбие, дәстүр мен ғұрып, кемел болашақ, қоғам қуаты деп басқаларын атауға болады. Қоғамдық саяси мәдениетіт дамыту үшін азаматтық қоғамды дамытуға жағдай жасалуы керек. Өткен жылы министрлік 2 заң қабылдады. Оның бірі волентерлік қызмет, мемлекеттік жастар жөніндегі заң қабылданды. Ол туралы қоғамдық еңбек құндылықтартуралы идеологияны қабылдады", - деп сұраққа жауап берген министрлік өкілі. 

Жалпылама жауапқа Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ескерту жасады. Нақты қойылған сұраққа дұрыс жауап бермегендіктен алда министрлікпен үкімет сағатын өткізуді ұсынды.

Негізі қаскөйлерден Қобыланды жасап жатырмыз деген нақты сұрақ болды. Сіздер жақтан нақты шұғыл қандай шаралар қабылданып жатыр? Мәселе сонда ғой. Соған қатысты ешқандай жауап болған жоқ. Сондықтан бұл министрлікпен жеке мүмкін тыңдау өткізу керек шығар.үкімет сағатын өткізу керек шығар. Өте маңызды мәселе көтерілді", - деді Ерлан Қошанов.

"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев қаңтар оқиғасында алаңда бірнеше рет көрінді. Ол серіктерімен бірге 2022 жылдың 7 қаңтарында бірнеше адамды ұрлады деген күдікпен ұсталған. 

"Дикий Арман" депутат Қоғам Аманжол Әлтай

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!