"Дикий Арман" сәуірге дейін қамауда болады
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотыың баспасөз қызметіндегілер.
"Дикий Арман" 2022 жылыдң 7 қаңтарында Алматыда ұсталған еді. Кейіннен ҚР Бас прокуроры Берік Асылов " Дикий Арман" ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін айтқан болатын. Сонымен бірге, Жақсыбек Құлекеев "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" атты деректі кітабында Арман Жұмагелдиев бірнеше жылдан ҰҚК-нің арнайы мамандарының басшылығымен әрекет еткенін жазған болатын. КІтап авторы оның қаңтар оқиғасында бейбіт митингке шыққан адамдарды ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, ДВК қозғалысының адамдары екенін "мойындаған" сәтін бейнежазбаға түсіріп, ҰҚК адамдарына табыстап отырғаны туралы деректер келтірген.