Новости Казахстана28 февраля 2023, 5:01

"Серік Сәпиевті тануы керек" - Данияр Елеусінов Batyrball ойынындағы төбелеске қатысты пікір білдірді

Данияр Елеусінов Серік Сәпиевке қатысты туындағы кикілжіңге пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media

Алматыда өткен Batyrball турнирінен кейін Серік Сәпиевтің басы дауған қалған болатын. Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бейнежазба арқылы пікір білдіріп, ойын барысындағы Зелимхан Мусихановтың әрекетін орынсыз деп есептейтінін жеткізді. 

Серік Сәпиев ағамыз бен жас спортшының арасындағы болған жағдай туралы мен де айтар пікірім бар. Не болғанын, кім кінәлі екенін бірден эмоцияға беріліп айтпас бұрын ақ пен қараны ажырату үшін қалай болғанын қарадым, күттім. Соңына келгенде шынымен де жас жігіттікі дұрыс емес екенін байқадым. Себебі, Серіктің қолында сол сәтте доп болған жоқ. Доп болмағаннан кейін олай лақтырудың қандай қажеті болды? Ол жерде жарақат алып болатын еді. Басқа ойыншыларды көрдім. Доп болмаған кезде де лақтырып жатты. Бірақ ешкімнің ешқандай наразылығы болып жатқан жоқ. Себебі, оларды қатты лақтырып жатқан жоқ. Бұл жерде аяғына кіріп, көтеріп тұрып жоғарыдан қадап жіберді десек те болады, - деді Данияр Елеусінов.

Рио Олимпиадасының чемпионы төбелеске қатысты пікірінде жас балуанның әрекетін әдейін істелген әрекет болуы мүмкін деп топшылаған. 

Бұл өте ызамен істелген нәрсе секілді сияқты болып көрінді.  "Жас баланы ұрып жатырсың" деп сөгіп жатыр.  Серіктің неге олай істеген эмоциясы бұл жерде түсінікті болды. Ол біздің Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионын тануы керек қой, - деді Данияр Елеусінов өз пікірінде.

Оқи отырыңыздар: 

Вatyrball турниріндегі ойыннан соң спортшылардың қол алысып жатқанда Серік Сәпиев Зелимхан Мусихановты ұрып жіберген болатын. Кейін спортшылардың киінетін бөлмесінде жағдай ушыға түсіп, араға жас балуанның бапкері араласқан болатын. Артынша Серік Сәпиев осы оқиғадан кейін татулықпен тарасқанын мәлімдеді. Араға уақыт салып Серік Сәпиевті алып соққан балуан Зелимхан Мусиханов пен оның бапкері елден осындай әрекеттері үшін кешірім сұрады

 

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

 

Серік Сәпиев Данияр Елеусінов бокс Төбелес

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!