Сәпиевті алып соққан спортшы кешірім сұрады
Batyrball турнирінде Серік Сәпиевті алып соққан "Sever-Yug" командасының өкілі Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен жанжалдасқаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.
Ойын кезінде Зелимхан эмоцияға беріліп, ойланбай әрекет еткенін мойындады.
Құрметті қазақстандықтар, жасаған ісім үшін кешірім сұраймын. Мен ереже бұзып, қателестім. Содан кейін ойында эмоцияларымды ұстай алмадым. Серік Сәпиев халқымыздың мақтанышы. Менің ойланбай жасаған әрекетім үшін кешіріңіз, - деді Зелимхан Мусиханов.
Оқи отырыңыздар:
- Серік Сәпиев ойыннан кейін қарсыласын ұрып жіберді
- Серік Сәпиев өзінің не үшін төбелескеніне жауап берді
Бұған дейін Arbat.media Алматыда Batyrball турнирінде төбелес болғаны туралы жазды. Шулы оқиғадан кейін Серік Сәпиев аталған жағдайға қатысты түсініктеме берген болатын.