Placeholder
Новости Казахстана28 февраля 2023, 21:58

Атырау облысында төрт адамның өмірі жол апаты жалмады

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға бүгін таңда тіркелген. Жеңіл көлік жолдың қарсы жолағына шығып жүк көлігіне соғылғаны белгілі болды. 

28 ақпан сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат - Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін жол апатының қайғылы оқиғылары тіркелген. Осыдан тура екі күн бұрын Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Сондай-ақ, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Өткен аптада Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапқан еді. Олардың бірі әкесі бола, қалған үшеуі балалар болған

Атырау облысы өлім Жол апаты Көлік

Новости по теме