Новости Казахстана27 февраля 2023, 4:09

Маңғыстауда жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Маңғыстау облысында автовозбен ен жеңіл көлік соғылып, бірнеше адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media 

Жол апатынан 2003, 2004 жылы туған төрт адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір жолаушының жедел жәрдеммен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілгені айтылды. 

Бейнеу аудандық ауруханасы директорының орынбасары Әсия Шонтыбаева зардап шегушінің жағдайы туралы айтты.

2004 жылғы зардап шегуші бас миының контузиясымен, жабық бассүйек-ми жарақатымен ауруханаға түсті. Зардап шегушінің аяғының жабық сынуы, сол жақ білегінің екі сүйегінің ашық сынуы, өкпе контузиясы, бет жарасы анықталды. Науқаста травматикалық шок бар, - деді Әсия Шонтыбаева.

Қайғылы жол апаты 25 ақпан күні сағат 11:42 шамасында Сай-Өтес-Бейнеу тас жолының 383-ші шақырымында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, жүк көлігіне соғылған. Апат кезінде жеңіл көлік бірден отқа оранған. 

 

Маңғыстау Жол апаты өлім Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!