Новости Казахстана22 февраля 2023, 20:28

Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

21 ақпанда "Mitsubishi Montero Sport" автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соғылғаны белгілі болды.

Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды, жолаушы 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған үш кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп жазды ІІМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанған еді. 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!