Placeholder
Новости Казахстана5 апреля 2023, 15:04

Асхат Жұмағали Антикор төрағасы болып тағайындалды

Президент Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары болған Асхат Жұмағали енді төраға лауазымын атқарады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бұған дейін агенттік басшысы болған Олжас Бектенов ҚР президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған болатын

 

Асхат Жұмағали Олжас Бектенов Тағайындау Антикор

Новости по теме