Новости Казахстана14 апреля 2023, 18:42

Астанадағы Азия чемпионатында қазақстандық төрт балуан финалға жолдама алды

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық үш балуан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Олардың қатарында Дархан Есенғали, Азамат Дәулетбеков, Ризабек Айтмұқан және Юсуп Батырмырзаев сынды балуандар бар.    

74 келіде күрескен Нұрболат Әбдіуәлиев финалда жапон балуаны Кирин Киношитаға қарсы күреседі. Ол іріктеу кезеңдерінде сингапурлық Хонг Йой Луды, қырғыз Әділет Жапарқұлов, жартылай финалда бахрейндік Магомадрасул Аслуевті ұтты.

86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков финалда ирандық Алиреза Каримимачианимен күреспек. Ол жарыстың бастапқы кезеңдерінде сингапурлық Винг Луен Гари Чоуды, өзбек Бобур Исломовты айқын басымдықпен жеңді.

92 келіде ел намысын қорғаған Ризабек Айтмұқан финалда жапон спортшысы Араш Йошидамен белдеседі. Ол ширек финалда қырғызстандық Мирлан Шыныбековті, жартылай финалда бахрейндік Магомед Шариповті сан соқтырды.

Ал аса ауыр салмақта бозкілемге шыққан Юсуп Батырмырзаев белдесуді ширек финалдан бастады. Дағыстандық легионер алғашқы белдесуінде үндістандық Құмар Анирудхты, жартылай финалда өзбек балуаны Сардорбек Холматовты ұпай санымен ұтты. Енді финалда отандасымыз моңғол Лхагвагерел Мунхтурға қарсы күреседі. 

Сонымен бірге, 61 келіде белдескен Нұрболат Әбдіуәлиев алғашқы белдесуінде моңғол спортшысы Тувшинтулга Туменбилегтен ұтылып қалды. 

Бұған дейін Қазақстан балуандары грек-рим күресінен бір, әйелдер күресінен екі алтын иеленген болатын. Бүгін еркін күрестен басталған сында қос отандасымыздың финалға шығып, жеңімпаз атанғанын жазған едік

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!