Placeholder
Новости Казахстана14 апреля 2023, 0:39

Азия чемпионатында қазақстандық қос балуан чемпион атанды

Астанада өтіп жатқан  Азия чемпионатында еркін күрестен Санжар Досжанов пен Болат Сақаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Финалға шыққан қос балуан өзбек спортшыларын ұтып, сары құрлық біріншілігінің алтын жүлдесіне ие болды. 

70 келі салмақта күрескен Санжар Досжанов халықаралық ірі жарыстардағы алғаш рет жеңімпаз атанып отыр. Ол бүгінні сында Оңтүстік Корея балуанын іріктеу кезеңінде айқын басымдылықпен жеңсе, ширек финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовті сан соқтырды. Жартылай финалда турнирідің фавориті саналған тәжірибелі ирандық балуан Мортеза Хассаналиді 4-1 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Финалда өзбек балуаны Зафарбек Отахоновты сенімді түрде ұтып, Азия чемпионатының алтын жүлдесіне қол жеткізді. 

79 келіде бақ сынаған Болат Сақаев та отандастарының мерейін үстем етті.  Ол іріктеу кезеңдерінде жапон балуаны Ямасаки Иажураны жарыс жолынан шығарса, жартылай финалда Ирандық Амирхоссейн Мортезаны жеңіп финалға шыққан еді. Финалда Б.Сақаев Токио олимпиадасының қола жүлдегері өзбек балуаны Бекзод Абдурахмоновтан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Болаттың финалдағы қарсыласының әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы екенін де ерекше атап өту қажет. 

Бұдан бөлек Қазақстан балуандары грек-рим күресінен бір, әйелдер күресінен екі алтын иеленген болатын. Бүгін еркін күрестен басталған сында қос отандасымыздың финалға шыққанын жазған едік

Азия чемпионаты Еркін күрес спорт Астана

Новости по теме